Қанат Ислам жарақат алып қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 23 маусым алдындағы жекпе-жегіне дайындық барысында жарақат алып қалды.
Отандасымыз жаттығу кезінде аяғын ауыртып алған көрінеді. Спортшының денсаулық жағдайына байланысты 23 маусымға жоспарланған бокс кеші кейінге шегеріліп отыр. Боксшының айтуы бойынша алдағы екі айдың көлемінде жаттығуын қайта бастап, күзде рингке шығуды жоспарлап отыр.