Қазақстандық мергендер 50 метрге нысана көздеу сайсында финалға өте алмады
Қазақстандық Рашид Юнусметов пен Владимир Исаченко Олимпиада ойындарында 50 метрге нысана көздеу жарысының ақтық сынына өте алмады.
Юнусметов іріктеу кезеңінде 553 ұпаймен 13-орынға табан тіресе, Исаченко 536 ұпаймен 36-орынды иеленді.
Финалға үздік 8 мерген жолдама алды. Іріктеу кезеңінде екі дүркін Олимпиада чемпионы оңтүстік кореялық Чин Джон О 567 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.