Қазақстандық велошабандоз Андрей Зейц мәре сызығын 24-ші болып кесті
Қазақстандық велошабандоз Андрей Зейц Олимпиада ойындарында велоспорттан жекелей уақытқа жарысуда өнер көрсетіп, 24-ші келді.
Андрей Зейц тасжол веложарысында соңғы сәттерге дейін жүлдеге талас жүргізді. Бірақ, озып кеткен қарсыластарын басып озу мүмкін болмады.
Нәтижесінде отандасымыз 54,6 шақырымды 1:18:48 секундта жүріп өтіп, мәре сызығын 24-ші болып кесті.
Айта кетсек, Олимпиаданың алтын жүлдесін швейцариялық Канселлара Фабиан жеңіп алды. Ол 54,6 шақырымды 1:12:15 секундта бағындырды. Күміс медальды Голландия спортшысыДюмолин Том иеленсе, қола медаль ұлыбританиялық Фрум Кристоферге бұйырды.