Дмитрий Баландин жүзуден Олимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.  Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ерлер арасында 200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысының ақтық сыны өтті. Қазақстандық Дмитрий Баландин 2:07:46 секунд көрсеткішімен Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды.  Айта кетсек, бұл - Қазақстан қоржынына түскен жетінші медаль. Бұған дейін Елдос Сметов пен Жазира Жаппарқұл күміс медаль, ал, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки және Карина Горичева қола медаль иеленген еді.  Сонымен қатар, бүгін, зілтемірші Нижат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін салды. Жалпыкомандалық есеп бойынша енді Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен 11-орынға жайғасты.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды