Нижат Рахимов Рио Олимпиадасында жұлқа көтеруден кейін үздік үштік қатарында
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Нижат Рахимов бақ сынауда. Жұлқа көтеруден кейін үздік үштікті қорытындылап тұр. Жерлесіміздің үздік нәтижесі – 165 келі. Нижат Рахимовтың басты қарсыласы саналатын қытайлық Лю Cяодзунь 1-орында. Ал армениялық Карапетян Андраник 2-орынға жайғасты. Айта кетейік, ауыр атлетика жарысын дәл қазір «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.