Эксклюзив! Дмитрий Баландиннің Рио Олимпиадасындағы жеңісінен кейінгі сұхбаты (ВИДЕО)
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанды.
Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша ақтық сында Дмитрий Баландин 2:07:46 секунд көрсеткішімен жеңімпаз атанып, тәуелсіз Қазақстан тарихында жүзу спортынан алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.
Осылайша, Дмитрий Баландин Қазақстан қоржынына екінші алтын медалін салды. Енді Қазақ елінің құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орынға көтерілді.