Бокстан ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов алғашқы кездесуінде айқын жеңіске жетті
Бокстан 69 келіге дейінгі салмақта Данияр Елеусінов ұлыбританиялық боксшы Джош Келлумен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.
25 жастағы жерлесіміз кездесудің алғашқы раундынан бастап тізгінді өз қолына алып, 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Енді бокстан Ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов венесуэлалық Габриель Маэстре мен италиялық Винченцо Манджикапре жұбының жеңімпазымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.