Евгений Лабутов Рио Олимпиадасында дискі лақтырудан финалға өтпей қалды
Бүгін Рио-де Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында диск лақтырушылар бақ сынасуда.
Финалға шығу үшін квалификациялық шек 65 метр 50 сантиметр болатын және бұл межеге екі спортшы ғана қол жеткізе алды.
Сәл кешірек В тобындағы сайыстар өтеді. Қазақстандық Евгений Лабутов дискіні 55,54 метрге лақтырып, А тобында 15-ні орынға тұрақтады. Осылайша, ол Риодағы жарысын тоқтатты.