Боксшы Жәнібек Әлімханұлы Олимпиаданың ширек финалына шықты
Бүгін Олимпиада ойындарында бокстан 75 келі салмақ дәрежесінде Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға шықты.
Байрақты бәсекеде отандасымыз алжирлік былғары қолғап шебері Ильяс Аббадимен жұдырықтасып, Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.
Үш раундтан тұратын кездесуде Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекті өте сауатты өткізіп, 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Енді 23 жастағы боксшымыз жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.