Қазақстандық Георгий Шейко Олимпиадада спорттық жүрістен мәре сызығын 34 болып кесті
Қазақстандық Георгий Шейко Олимпиада ойындарында 20 шақырым спорттық жүрістен бақ сынады.
Батыс Қазақстан облысының спортшысы 20 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минут 31 секундта жүріп өтіп, мәре сызығын 34-ші болып кесті.
Айта кетсек, аталған спорт түрінен қытайлық Чжэнь Ван Олимпиада чемпионы атанды. Оның көрсеткіші - 1:19:14 секунд. Екінші орынды тағы бір қытай спортшысы Цай Цзылинь иеленсе, үшінші орын Аустралия азаматы Дейн Берд-Смитке бұйырды.