Зілтемірші Денис Уланов 4-орынды қанағат тұтты (ВИДЕО)
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша жарыс басталды. Қоссайыстың алғашқы жаттығуында, дәлірек айтқанда, жұлқа көтеруде қазақстандық зілтемірші Денис Ұланов төртінші орынды иеленді. Оның үздік көрсеткіші 175 келі салмақ. Ал серпе көтеруде алғашқы екі мүмкіндігінде 215 келі салмақты еңсере алмағанымен, шешуші мүмкіндігінде зілтемірді бағындыра алды. Осылайша қоссайыс қорытындысы бойынша (175+215) 390 келі салмақпен отандасымыз 4-орынды иеленді.