Боксшы Олжас Сәттібаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарын сәтті бастады.
52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін 28 жастағы қазақстандық 1/16 финал аясында Пуэрто-Рико азаматы Хесус Синтронға қарсы шаршы алаңға шықты. Отандасымыз кездесудің алғашқы раундында қарсыласына есе жібергенімен (28:29), екінші раундты Сәттібаев өз пайдасына шешті (30:27). Шешуші раундта да боксшымыз басымдық танытып (29:28), 1/8 финалға жолдама алды.
Енді Олжас Сәттібаев азербайжандық Элвин Рауф оглы Мамишзадемен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Аталған жек-жек тамыздың 15-сінен 16-сына қараған түні өтеді.