Жеңіл атлетикадан қазақстандық Эктовалар Олимпиаданың ақтық кезеңіне өте алмады
Бүгін Рио Олимпиадасында жеңіл атлетикадан үш қарғып секіру жарысында өнер көрсеткен қазақстандық Екатерина мен Ирина Эктовалар ақтық кезеңге өте алмады.
Екатерина Эктова 13,51 метрге қарғып, "В" тобында сынға түскен 16 спортшы арасынан небәрі 15-орынға тұрақтаса, «А» тобында өнер көрсеткен Ирина Эктова 13,33 метрді бағындырды (16-орын).
Айта кетейік, үздік нәтижені колумбиялық Катерина Иваргуен (14,52 метр) көрсетсе, екінші болып финалға грекиялық Параскеви Папаристу (14,42 метр) өтті. Ал, Ольга Рыпакова 14,39 көрсеткішімен үздік үштікті қорытындылады.