Қазақстандық желаяқтар Элина Михина мен Анастасия Кудинова жартылай финалға өте алмады (ВИДЕО)
Қазақстандық желаяқтар 400 метр қашықтыққа жүгіруде Рио Олимпиадасының финалына шыға алмады.
Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңі өтті.
Бұл жарыс түрінен Қазақстан намысын екі спортшы қорғады – Элина Михина мен Анастасия Кудинова. Элина Михина 53,83 секунд көрсеткішімен мәре сызығын алтыншы болып кесті. Ал Анатасия Кудинова өз тобында соңғы болды (56,03).
Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетика жарыстарын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.