Иван Дычко Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты
Аса ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Иван Дычко Риодағы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз Әзірбайжан боксшысы Магомедрасул Меджидовты мерзімінен бұрын жеңді.
Қазақстандық боксшы жекпе-жекті барынша сақ бастады. Қорғаныста жүріп, қарсыласының қателігін күтумен болды. Орайы келгенде жойқын соққыларымен қарсы алды.
Бірінші раунд қорытындысы бойынша отандасымыз жеңіп шықты. Ал, екінші раундта Иван Дычконың соққысы тура тиіп, әзірбайжан боксшысы жарақат алды. Дәрігерлер боксшының жекпе-жекті жалғастыруына болмайтынын айтып, кездесуді аяқтады.