Синхронды жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер іріктеу кезеңінде 15-орынға жайғасты
Синхронды жүзуден қазақстандық апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бақ сынады.
Синхронды жүзуден қазақстандық дуэт Риода өтіп жатқан Олимпиаданың еркін бағдарламаның іріктеу кезеңінде 81.4000 ұпаймен 15-орынға жайғасты.
Айта кетсек, аталған жарыс кезеңінде ресейлік Исченко Наталия мен Ромашина Светлана дуэті үздік атанды (98.0667 ұпай). Ал екінші орынға қытайлық Хюечен Хуанг пен Веньянь Сунь табан тіресе, алғашқы үштікті жапония спортшылары Юкико Иньюи мен Рисако Митсюи қорытындылады.