Алмат Кебіспаев екінші жұбаныш белдесуде норвегиялық спортшыдан жеңіліп қалды (ВИДЕО)
Қазақстандық палуан Алмат Кебіспаев Рио Олимпиадасында қола жүлде үшін екінші жұбаныш белдесуді өткізді. 59 келіге дейінгі салмақта күресетін отандасымыз норвегиялық Берг Стиг-Андреден жеңіліп қалды. Есеп: 0:2.
Айта кетсек, 1/8 финалда отандасымыз жапондық Шинобу Отаға 0:6 есебімен жеңілген еді. Ота жарыстың ақтық сынына шыққан соң, қазақстандық палуан Олимпиаданың қола жүлдесіне таласу мүмкіндігіне ие болды.