Жеңілатлет Дмитрий Коблов Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмады
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында кедергімен 400 метрге жүгіру жарысында қазақстандық жеңілатлет Дмитрий Коблов бақ сынап, жартылай финалға өте алмады.
Іріктеу жарысында Дмитрий 400 метр қашықтықты 49.87 секундта жүгіріп өтіп, мәре сызығын 32-ші болып кесті.
Өз кезегінде аталған сайыста үздік нәтижені ямайкалық Аннсерт Уайт көрсетсе (48.37), мәре сызығын екінші болып норвегиялық Карстен Вархольм кесті (48,49), ал, пуэрто-риколық Хавьер Кулсон алғашқы үштікті қорытындылады (48,53).