Рио Олимпиадасында төрешілерге қатысты тағы бір дау туды
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында төрелікке қатысты тағы да бір дау туды.
Бұл жолы жанкүйерлер 56 келіге дейінгі салмақта ресейлік Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы жекпе-жекте төрешінің жеңісті ресейлік боксшыға бергеніне наразы. Төрешілер бірауыздан Никитинді жеңімпаз деп таныды 3:0 (29:28, 29:28, 29:28).
Кездесу нәтижесі жария болғаннан кейін Конлан наразылық ретінде төрешілерге ортаңғы сауғасын көрсетті, сосын өзінің әуесқой бокс мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Никитин-Конлан жекпе-жегінде жуырда ғана дау тудырған - жеңісті ресейлік Евгений Тищенкоға беру шешімін қабылдаған төрешілер қызмет етті.
Аталған кездесу кезінде шаршы алаңда Левит – Тищенко жекпе-жегінде С төрешісі ретінде қызмет еткен алжирлік Хейра Сиди Якуб төрелік етсе, бразилиялық төреші Сильва до Росарио мен вьетнамдық Вуонг Тронг Нхия Левит-Тищенко кездесуіндегі қызметтерінде қалған.
Естеріңізге сала кетейік, Василий Левит финалдық кездесуде төрешілердің шешімімен ресейлік Евгений Тищенкоға жеңілген еді. Кездесу нәтижесі жария болғаннан кейін залдағы көрермендер төрешілерге ысқырып наразылық білдерген болатын.