Боксшы Жайна Шекербекова Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында 1/8 финалында 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жайна Шекербекова француз бұрымдысы Сара Урамунмен қолғап түйістірді.
Тартысты өткен ширек финалдық кездесуде 26 жастағы боксшымыз француз қызынан 3:0 (39-37, 40-36, 40-36) есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, енді Рио Олимпиадасында бокстан әйелдер арасында Қазақстан атынан бір ғана боксшы қызымыз шаршы алаңға шығады. Бұған дейін Дариға Шәкімова (75 келі) өзінің алғашқы жекпе-жегінде екі дүркін әлем чемпионы канадалық Ариан Фортинді ұтып, ширек финалға шыққан еді. Отандасымыз марокколық Хадиджа Мардимен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Бұл кездесу бүгін, 17 тамыз күні өтеді.