Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасының жартылай финалында (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы қыз Дариға Шәкімова Олимпиада ойындарында жартылай финалға шықты.
75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын жерлесіміз 1/8 финалда марокколық Хадиджа Мардиді айқын басымдықпен жеңді. Кездесу нәтижесі - 3:0 (39-37, 39-37, 39-37, 39-37).
Айта кетейік, енді Дариға Шәкімова АҚШ споршысы Клариса Шилдспен қолғап түйістіріп, финал жолдамасын сарапқа салады.