Байдаркашы Токарницкий мен Ергучев Рио Олимпиадасының 200 метрге арналған жарысында В финалына өтті (ВИДЕО)
Бүгін Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында байдарка мен каноэда есу жарыстары жалғасуда.
Онда қазақстандық байдарка есушілер Сергей Токарницкий мен Андрей Ергучев бесінші болып келді. Олар жұппен 200 метрлік қашықтықты 35,151 секундта жүзіп өтіп, енді финалдағы сайысқа қатысатын болады.
Финалдық жарыстар ертең 18- тамыз күні өтеді.