Гюзель Манюрова Рио Олимпиадасында күміс жүлде алды (ВИДЕО)

Қазақстандық Гюзель Манюрова әйелдер арасындағы күрестен Олимпиада ойындарының күміс медалін иеленді. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша финалдық белдесуде 38 жастағы отандасымыз канадалық Эрика Уибемен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы кезеңінде жерлесіміз шабуылдау кезінде қарсыластың әдісіне түсіп қалды. Осылайша, бірінші үшминуттықта 27 жастағы канадалық 2 ұпаймен алға шықты. Келесі кезеңде Уибе басымдық танытып, ұпай санын арттыра түсті. Қорытынды есеп 6:0. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында жалпы саны 15 медаль бар. Оның 3-уі алтын, 5-уі күміс және қалған жетеуі қола. Медальдар тізімі бойынша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 20-ші орында тұр.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды