Олимпиадада қарудың көмегімен спортшыларды тонау әрекеттері екі-ақ рет болды
Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарын өткізу кезінде қарудың көмегімен спортшыларды тонауға қатысты екі-ақ оқиға тіркелген. Бұл туралы Рио Олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің басшысы Марио Андрада мәлімдеді.
«Олимпиада қалашығында ұрлық көп болған жоқ. Қару қолданумен байланысты небәрі екі оқиға орын алды. Дей тұрғанымен біз қауіпсіздік мінсіз болады дегеніміз жоқ», - деді Андрада.
tass.ru