Рио Олимпиадасы: Медальдар кестесі (ФОТО)
Назарларыңызға 19 тамыз күнгі медальдар кестесін ұсынамыз. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 15 медаль бар. Оның 3-еуі алтын, 5-еуі күміс және 7-еуі қола жүлде. Өз кезегінде, бұл - Олимпиада ойындарында иеленген медальдар саны бойынша тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Жазғы Олимпиада ойындарында 28 спорт түрінен барлығы 306 медаль жиынтығы сарапқа салынуда.