Бейссайысшы Елена Потапенко екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы бестікте
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер арасында заманауи бессайыс жарысының екінші кезеңі – жүзу сайысы аяқталды.
Қазақстандық бессайысшы Елена Потапенко 200 метр қашықтықты 2 минут 11,52 секундта жүзіп өтті. Ал ресейлік Гүлназ Губайдуллина жүзу сайысында 2:07.94 уақыт көрсеткішімен Олимпиада рекордын орнатып, көш бастады.
Нәтижесінде отандасымыз 306 ұпаймен жалпы есепте 5-орынға орналасты. Ал еншісінде 317 ұпайы бар бессайысшы Губайдуллина әзірге бірінші орында. Екінші орынға 315 ұпаймен француз спортшысы Элоди Клувель жайғасса, үздік үштікті венгриялық Шарольта Ковач қорытындылап тұр (313 ұпай).