Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында «қола» алды (ВИДЕО)
75 келіге дейінгі салмақ санатында жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Дариға Шәкімова Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жартылай финалда америкалық Кларесса Шилдстен ұтылды.
Кездесудің төрт раундында басымдық танытқан америкалық боксшы айқын жеңіске жетті. Нәтижесінде төрешілер 3:0 3:0 (40-36, 39-37, 40-36) есебімен Кларессаны жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен 17-ші медаль.