Таэквондошы Руслан Жапаров алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ерлер арасында + 80 келі салмақ дәрежесінде таэквондо жарысы басталды. Бұл спорт түрінен ел намысын қорғаған Руслан Жапаров алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды.
20 жастағы қазақстандық спортшы 1/16 кезеңінде әзірбайжандық таэквондошы Радик Исаевпен кездесті. Нәтижесінде 11:2 есебімен қарсыласына есе жіберді.