Қазақстандық бессайысшы Ильяшенко жүлделі орынға іліне алмады
Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ерлер арасында заманауи бессайыс жарысы аяқталды. Аталған спорт түрінен қазақстандық Павел Ильяшенко бақ сынады.
Отандасымыз жарыс қорытындысы бойынша 1141 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады. Өз кезегінде ресейлік Александр Лесун 1479 ұпаймен Олимпиада чемпионы атанса, екінші орынды украиналық Павел Тимощенко иеленді (1472 ұпай). Ал қола жүлде мексикалық бессайысшы Исмаэль Эрнандес Ускангаға бұйырды.