Руслан Жапаров Рио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады
Таэквондодан 80 келі салмақтан жоғары дәрежесінде өнер көрсететін Руслан Жапаров Рио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.
Жұбаныш кездесу аясында өткен жекпе-жекте отандасымыз 29 жастағы оңтүстіккореялық Чха Дон Миннен ұтылды. Есеп - 8:15. Енді оңтүстіккореялық спортшы өзбекстандық таэквондошы Дмитрий Шокинмен Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне таласады.
Айта кетсек, 1/8 финалда отандасымызды жеңген азербайжандық Радик Исаев ақтық сынға шықты. Осылайша, Руслан жұбаныш кездесуде Рио Олимпиадасының қола медалін жеңу мүмкіндігіне ие болған еді.