Петр Малаховски Олимпиадада жеңіп алған медалін аукционға қойды
2016 жылы өткен Олимпиада ойындарында диск лақтырудан күміс медальді жеңіп алған польшалық жеңілатлет Петр Малаховски осы медалін аукционға қойды, деп хабарлайды www.mir-la.com.
Спортшы бұл әрекетке ауыр науқасқа шалдыққан балаға көмектесу үшін барған. Бұл мәселеге қатысты Петр Малаховскидің сөзін sport.pl. келтіреді.
«Олимпиадалық жарыстарды аяқтаған соң маған баланың анасы хат жазды. Хатында екі жасар ұлы Олектің қатерлі ісікпен ауыратындығын айтып, көмек сұрады. Мен оған көмек көрсету қажет деен шешімге келдім. Сөйтіп, медалімді аукционға қойдым. Енді, осы саудадан түскен қаржыны баланың еміне жұмсаймын. Мен барлықтарыңызды ауционға қатысуға шақырамын. Бұл күміс науқас бала үшін алтыннан да қымбат болуы мүмкін»,-дейді спортшы.