Олимпиада ойындарының спорт төңірегіндегі ең елеулі сәттері (ФОТО)
Олимпиада ойындары - тек қана жаңадан орнатылған рекордтар мен ойнатылған медальдар емес. Сонымен қатар, мұнда жиі жаңа әзілдер мен жаңа есімдер пайда болып жатады. Сонымен назарларыңызға Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қызығы мен шыжығымен байланысты ең елеулі сәттерді ұсынамыз.
Ұтылған бәс пен алынған шаш
Семсерлесуден Ресей құрамасының бас бапкері Ильгар Мамедов өз шәкірттерімен бәстесіп, ұтылып қалды. «Егер команда екі алтын жүлде жеңсе, шашымды тақырлап алып тастаймын» деген бапкер бәсті ұтылған. Өз кезегінде ресейлік семсерлесушілер командалық есепте 4 алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленді. Сөйтіп Ресей құрамасының бас бапкері сөзінде тұрып, шаштан айырылды.
Майкл Фелпс
23 дүркін Олимпиада чемпионы атанған америкалық жүзгіш өзін Олимпиада ойындары тарихында ең көп жеңіске жеткен спортшы ретіндегі статусын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге көптеген жаңа мемдерге кейіпкер болды. Кезекті финалдық жүзу сайысы алдындағы Фелпстің капюшон астындағы жабырқаңқы жүзі интернет-қолданушылардың жүзгішті «Звездные войны» киносының кейіпкерлерімен салыстыруына итермелеген.
Болттың үстемдігі
Ямайкалық желаяқ Усэйн Болт Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында үш рет жеңіс тұғырына көтерілді. Енді оның еншісінде Олимпиаданың 9 алтын медалі бар. Бірақ жұртшылық оның жүлделеріне ғана емес, сондай-ақ, оның әдемі әрі емін-еркін жеңіске жететініне қызығушылық танытады. Ол тіпті мәре сызығын кесу алдында камераға жымиып та үлгереді.
Усэйн Болт 100 метр қашықтыққа жүгіруден үш дүркін Олимпиада чемпионы атанған тарихтағы алғашқы спортшы.
«Түрлі-түсті» су
Суға секіру мен синхронды жүзу жарыстарына арналған бассейндегі судың түсі жасыл және ол сасық иіс шығаратын болып шыққан. Спортшылар оны «батпақ» деп те атай бастаған. Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) судың көгілдір түстен жасылға өзгеруін суды тазартуға арналған химикаттардың жетіспеушілігінен туған деп түсіндірді. Суға секіруден Ресей федерациясының президенті Алексей Власенконың айтуынша, FINA судың осы түсін қалжыңдап «бразилиялық» деп атап кеткен.
Еріктілермен байланысты қиындықтар
Еріктілердің басым бөлігі ағылшын тілін білмейтін болып шықты. Соның салдарынан португал немес испан тілін білмейтін туристер мен журналистерде айтарлықтай қиындықтарға соқтырған. Олимпиаданың бірінші аптасының соңында-ақ олардың жұмысына қатысты бірқатар мәселе туды. Мәселен, кейбір еріктілер экипировка алысымен міндеттерін орындауды тоқтатқан.
Ал Олимпиада ойындары аяқталуға жақын қалғанда еріктілердің бір бөлігі ауысымға шығудан бас тартқан. 15 мың ерікті (еріктілердің 30 пайызы) жұмыс орнында берілетін тағамға қатысты наразылық білдірген
Америкалық жүзгіштерге жасалған жалған шабуылдар
Олимпиада алдындағы жалпы ақпараттық жағдай мен Бразилиядағы жоғары қылмыстық деңгеймен байланысты стереотиптер алты дүркін Олимпиада чемпионы Райан Лохте бастаған америкалық жүзгіштер тобына нағыз пана бола жаздады.
Спортшылардың мәлімдеуінше, оларды белгісіз біреулер тонап кеткен. Ақырында АҚШ спортшыларын ешкім тонамағаны анықталды. Олар жанармай бекетінде мүлік бұзғандары үшін ақы төлеген болып шықты. Нәтижесінде Лохте мен Джеймс Фейгенге қылмыс жайлы жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылды.
Атақты спортшы тек беделтік қана емес, сонымен қатар қаржылай зарар тартуы мүмкін. Жанжал салдарынан ол бірнеше ірі демеушілік келісімшарттан айырылуы ықтимал. Сонымен қатар, АҚШ-тың спорт билігі Лохтені спорттан шеттетуі де мүмкін.
Рио Олимпиадасында жарақат алу жағдайлары көп болды
Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада жарақат алу жағдайлары көп болды. Алдымен франциялық гимнаст Самир Аит Саид секіру кезінде екі жерден аяғын сындырып алса, армян зілтеміршісі Андраник Карапетянның серпе көтеру кезінде шынтағы айналып кетті. Ал, голландиялық велошабандоз Анемик ван Влетеннің миы шайқалып, омыртқасына зақым келді. Италиялық Винченцо Нибали де аяғынан жарақат алды. Сондай-ақ колумбиялық Серхио Энао топтасып жарысу кезінде жамбас сүйгін сындырып алды.
ТАСС агенттігінің тілшісіне сұхбат берген танымал дәрігер Зураб Орджоникидзенің пікірінше, Риода өткен Олимпиадада спортшылардың жарақат алу жағдайларының жиілігі спортшылардың өздерінің мүмкіндіктерінен тыс жағдайда әрекет ету жағдайлары себеп болған. Сонымен қатар дәрігердің пайымдауынша, жарақат алу жағдайларының жиілігі Бразилияның ауа райымен де байланысты.
Олимпиададағы жеңістер некеге ұласты
Олимпиадада әдетте бәсекелестік, өзгелерден басым болуға деген ұмтылыс жоғары болады. Алайда, жарысқа қатысушы спортшылар онда адам өмірінде кездесетін қарапайым қуанышты сәттерді да бастан өткереді. Рио Олимпиадасы барысында бірнеше спортшы отбасын құру мүмкіндігіне ие болды. Регбидент өткен ақтық сындардан соң ерікті азамат Бразилия құрамасының мүшесіне сөз салды. Сонымен бірге Олимпиаданың қола жүлдегері атанған қытайлық спортшы Каи да өзі ұнатқан жанның жары болуға келісімін алды. Енді, ол тап осы спорт түрінен Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған қытайлық Хэ Цзыға үйленбек. Ал, үш аттап секіруден Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Уилл Клэй өзінің командасындағы Квин Харрисонға үйленетін болды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының әлсіздігі
Бразилия биілігі Олимпиаданың өтуіне орай қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын. Алайда, жазғы ойындар басталған алғашқы күні-ақ Ресей құрамасының жанкүйерлері тұрып жатқан үй тоналды.
Олимпиаданың алғашқы аптасы аяқталар тұста ресейлік суда жүзуші, 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Евгений Коротышкинді тонап кетті. Жазғы ойындар аяқталуға бірнеше күн қалғанда, Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің басшысы Марио Андрада Олимпиада кезінде қару кезену арқылы тонау әрекеттері тек екі рет болғандығын мәлім етті. Ол сондай-ақ ұйымдастырушылардың қауіпсіздік шаралары мінсіз болады деп уәде бермегендерін де айта кетті.
Дереккөз: tass.ru