Геннадий Головкин чемпиондық белбеуінен бас тартты

41 жастағы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) ресми түрде орта салмақтағы соңғы чемпиондық белбеуінен бас тартты.

Отандасымыз IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 2011 жылы 9 желтоқсан күні Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 KO) жеңу арқылы иемденген еді. Ал 2018 жылы Сауль Альвареспен (59-2-2, 39 KO) өткен реванштық жекпе-жекте GGG бұл белбеуден айырылған болатын. Дегенмен, мексикалық боксшы IBO белбеуінен бас тартты. Нәтижесінде 2019 жылы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкодан (14-5, 10 KO) басым түсіп, чемпиондық атағын қайтарып алды.

IBO ұйымының президенті Эд Левин: «IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі мен Геннадий Головкинның арасындағы байланыс 12 жыл, 22 жекпе-жекке созылды. 2011 жылдағыдай GGG қазір де орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі болып қала береді. Біздің белбеу арқылы ол орта салмақтағы өзге чемпиондық атақтарға таласты. Бірнеше жыл бойы қарсыластар Геннадий Головкинның мысынан сескеніп, қашып жүрді. Қатарынан 15 нокаут сериясы оның қаншалықты мықты, теңдессіз боксшы екенін анық аңғартады».

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1 жылдан аса уақыт бойы жекпе-жекке шықпады.

Танымал бейнелер

Соңғы бейне

Дзюдо І Қазақстан - Бразилия І Әлем чемпионаты І 1/16 І Командалық сайыс
QAZSPORT алаңы ток-шоуы | Шағын арена. Әуесқой футбол
Дзюдо І Ерасыл Қажыбаев - Ким Мин-Джонг І Әлем чемпионаты І 1/32 І +100 келі
Елорадық жасөспірімдер халықаралық футбол турнирінің чемпионы атанды
Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді
Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогында топ жарды
Қонысбек Төкенов грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
2025-2026 жылғы Еурокубок ойындарының жеребе тарту рәсімі өтті
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Олимпиада күніне орай сыйлықтар табысталды
Астанада 5х5 баскетболдан Виртус әлем чемпионаты өтіп жатыр
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы | 18.06.2025
Дзюдо І Марат Байқамұров - Зелим Коцоев І Әлем чемпионаты І 1/64 І 100 келі
Дзюдо І Мейірлан Максим - Алексис Матеу І Әлем чемпионаты І 1/64 І 90 келі
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы | 16.06.2025
Дзюдо І Абылайхан Жұбаназар - Петру Пеливан І Әлем чемпионаты І 1/32 І 81 келі
Дзюдо І Әлем чемпионаты І 1-күнделік
Ала доп шеберлерінің аламаны І Арнайы репортаж
Тур по туру | XII турдың қорытындысы
Шолу І Обзор І Қайсар - Тобыл І ҚПЛ І XII тур