Барыс» проиграл "всухую"
Құрлықтық хоккей лигасының «Шығыс» конференциясында көш бастап тұрған Астананың «Барыс» командасы мен Қазанның «Ак Барсы» арасында өткен кездесуде қазандық хоккейшілердің мерейі үстем болды.
Есепті ойынның 18-ші минутында қонақтар ашты. Гол авторы – Янне Песонен. Екінші кезең басында Михаил Варнаков есепті еселей тусті, 37 минутта Томаш Винцоур ушінші голдың авторы атанды.
Үшінші кезеңде қонақтар тегеуріндерін бәсеңдетпей, «Барыстың» қақпасына тағы да екі гол салды.
Константин Барулин қорғаған қазандықтардың қақпасына дүркін-дүркін шабуылдаған алаң иелерінің ұмтылысы еш нәтиже бермеді. Қорытынды есеп 0:5
«Ак Барс» 16 ойынның 12-інде жеңіске жетіп, 33 ұпаймен «Шығыс» конференциясында топ бастады. «Барыс» 14 ойынның 11-інде жеңіп, 31 ұпаймен екінші сатыға жайғасты.
Естеріңізге сала кетейік, 14-ші қазан күні, Астана уақытымен 19 00-де «Барыс» Нижний Новгородтың «Торпедосын» қабылдайды.