«Барыс» забросил шесть шайб «Словану» в матче КХЛ
Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» Братиславада жергілікті «Слованмен» кездесті. Ари-Пекка Селин шәкірттері қарсыластарын 6:2 есебімен айқын ұтты.
«Барыс» ойыншысы Роман Старченко бұл ойынның қаһарманы атанды. Ол екі мәрте көзге түсіп, екі рет нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, бұл матчта Найджел Доус, Константин Руденко, Алексей Ливтиненко және Дастин Бойд бір-бірден шайба соқты.
Бұл «Барыстың» құрлықтық хоккей лигасындағы үзілістен кейінгі алғашқы жеңісі. Жерлестеріміз Шығыс конференциясында екінші орында тұр. Олардың қазандық «Ақ Барстан» бір ұпайы кем.
«Барыс» келесі ойынын 19 қараша күні Прагада жергілікті «Лев» командасымен өткізеді.