Сборная Казахстана потерпела четвертое поражение
Волейболдан әйелдер командалары арасындағы әлемдік гран при жарысының екінші аптасы басталды. Әлемнің түкпір түкпірінде 20 команда ақтық сынға қатысуға мүмкіндік беретін жолдамалар үшін таласуда. Екінші кезеңде «Н» тобында өнер көрсететін Польша, Германия, Жапония және Қазақстан командалары Польшаның Плотск қаласына жиналды. Бірінші кезеңнен соң жеке дара топ бастап келе жатқан Жапония командасы алғашқы ойында 3:2 есебімен неміс қыздарын тізе бүктірді. Осыдан кейін Орлен Арена кешеніне жиналған жұрт Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы ойынды тамашалады. Кездесу басталысымен тізгінді қолға алған жергілікті команда отандастарымызға мүмкіндік бермеді. Осылайша 3:0 есебімен ұтылған бұрымдыларымыз жалқы ұпайға да қол жеткізе алмады.Өкінішке қарай, Польша жерінде де Қазақстан құрамасының жолы болар емес. Жеңілістен көз ашпаған Александр Гутор шәкірттері Плотск қаласында тағы екі кездесу өткізетін болады.