Победителем и обладателем «гороховой» майки лидера стал колумбиец Наиро Кинтана
Тур де Франс көпкүндігінің 20-ші кезеңі Наиро Кинтананың жеңісімен аяқталды.
«Мувистар» командасының жас шабандозы мәре сызығына 2 шақырым қалғанда Кристофер Фрум мен Хоаким Родригесті артқа тастады. Осылайша ол басты класификацияда 2-ші орынға көтерілді. Анси – Симноз таулы аймағы 145 шақырымға созылған болатын. Осы бәсекеде керемет өнер көрсетуге тырысқан Альберто Кантадор әріптесі Роман Кройцигердің жеткілікті қолдауына ие бола алмады. Соның салдарынан ол биылғы Тур де Франстағы соңғы таулы аймақта жақсы нәтиже көрсете алған жоқ. Кинтана мен Родригес оның орнын басып алып, алғашқы үштіктен атақты испаниялық шабандозды шығарып жіберді. Астана командасының капитаны Якоб Фульсанг мәреге тікелей бәсекелесі Бауке Молемамен бірге келді. Соның арқасында ол өзінің алғашқы ондықтағы орнын сақтады.