В Алматы встретили победителей и призеров ЧМ по самбо
Қазақстандық самбошылар жастар арасындағы Әлем чемпионатынан табысты оралды
Грекияның Солоники қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы қоржынында 1 алтын, 5 күміс, 7 қола.
Бұл қазақ самбошылары үшін үлкен табыс. Елге оралған спортшыларды ата-аналары мен туыстары және достары күтіп алды. Біріншілікте әлемнің 27 елінен 480 спортшы бақ сынаған болатын. 65 келі салмақта Жанар Қашқын күміс жүлдегер атанса, 65 келіге дейінгі салмақта Ділдаш Құрышбаева қола медаль иегері атанды. Құрама бапкерінің айтуынша Қазан универсиадасының қола жүлдегері Ділдаштың бұдан да табысты өнер көрсетуіне мүмкіндігі болған. Алайда кей тұстарда бұра тартушылық орын алып, жерлесіміз тек қоланы қанағат етті. Сондай-ақ 44 келіде Азияның екі дүркін жеңімпазы Гүлфайруз Наймантаева, 72 келі салмақтағы Мереке Құдайбергенова да біріншіліктің қола жүлдесін мойындарына ілді.