Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді

Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен 21 желтоқсан күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орайластырылған клубтық командалар арасындағы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді.

Федерация кубогына еліміз бойынша тоғыз клубтық команда қатысады. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекеттік және жеке спорт клубтары бар. Бекітілген регламент бойынша жарысқа 18 жасқа толған балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша клуб сапында қатыса алады. Турнир «бетпе-бет» олимпиадалық схемасы бойынша өтеді.

Кубоктың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл еліміз бойынша жүлде қорының қомақтылығы жағынан алғашқы үштікке кіретін жоба болып есептеледі.

Клубтық командалар арасында өтетін турнирде «Қазақстан Барысы» мен «Еуразия Барысы» турнирі арқылы көпшілікке кеңінен танымал балуандар өз аймағының намысын қорғайды. Мысалы, Жамбыл облысынан - қазақ күресінен Әлем чемпиондары Айбол Айтбек, Дәулет Пахриденов күш сынасады.   Семей қаласынан былтырғы өткен Кубок жеңімпаздары - Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Айдос Сейпілұлы сынды балуандар қатысады. Қарағанды облысынан «Қазақстан Барысы» турнирінің жүлдегерлері - Асыл Барменов, Ержан Шынкеев те күреседі. Астана қаласының «Елорда батыры» клубының қатарында Ғани Сейділдаев, Айбат Сейтен, Бағдәулет Сәбитов сынды балуандар сынға түседі. Алматы қаласының «Qazaq kuresi» клубынан - Руслан Әбдіразақов, Əлем чемпионы Әбзал Арыстанбеков, екі дүркін «Еуразия Барысы» Марат Нығматұллаев белдеседі.

Жарысқа мына клубтар қатысады:

  •  «Qazaq kuresi» клубы - Алматы қаласы.
  • «Елорда батыры» қазақ күресі спорт клубы  - Астана қаласы.
  • «ЗАК КАР» қазақ күресі спорт клубы - Қарағанды қаласы.
  • Қайырбаев атындағы ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша спорт клубы - Павлодар қаласы.
  • Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің клубы - Семей қаласы
  • «Тарбағатай» қазақ күресі спорт клубы - Шығыс Қазақстан облысы.
  • Жамбыл облысының қазақ күресі клубы - Тараз қаласы.
  • «Алакөл» қазақ күресі клубы - Алматы облысы. 
  • «Сапа-Арена» спорттық клубы - Талдықорған қаласы.

Бірінші орын алған команда 1 орын  - 10  000 000, екінші орын 6 000 000, үшінші орын  4 000 000 теңгеге ие болады.

inform.kz

Популярные новости

Последние новости

  • Новости
Мария Дмитриенко завоевала лицензию на ОИ-2024
  • Новости
В финале UTLC Ice Cup сойдутся «Локомотив» и «Армия СКА»
  • Новости
Прошла І Конфереция Азиатской федерации стрельбе из лука – верхом на лошади – Жамбы Ату
Токтарбек Айдарбек стал чемпионом мира по сурдо дзюдо
  • Новости
В Астане пройдет чемпионат Азии среди молодежи
  • Новости
В Туркестане стартовал чемпионат мира по сурдо дзюдо
Ризабек Айтмухан - серебряный призер чемпионата Азии по вольной борьбе
Завершился первый Чемпионат страны по Арқан Тартыс
  • Новости
  • Футбол
QFL заменил ПФЛК: что изменится в казахстанском футболе?
  • Новости
  • Футбол
«Тобол» – трехкратный обладатель Суперкубка Казахстана!
  • Новости
Александр Бублик чемпион турнира серии АТР 250
  • Новости
  • Бокс
В Казахстанской федерации бокса избрали нового руководителя
  • Новости
В Казахстане создана федерация «Арқан Тартыс»
  • Новости
  • Футбол
Игры Суперкубка Италии в прямом эфире телеканала «Qazsport»
  • Новости
Елена Рыбакина пробилась в полуфинал турнира в Брисбене
  • Новости
Чемпионат Мира по быстрым шахматам (рапид, блиц)
  • Новости
Алматы примет первый международный командный турнир «Jenys Cup» по дзюдо
  • Новости
  • Футбол
Телеканал «Qazsport» покажет в прямом эфире матчи Чемпионата Словении и Сербии по футболу!
  • Новости
  • Дзюдо
Чемпионат Казхстана по дзюдо. 1-день
  • Новости
Арайлым Абенова - чемпионка Мира по самбо