«Бавария» стартовала с победы в чемпионате Германии
Футбол жанкүйерлері көптен күткен неміс бундеслигасының жаңа маусымы басталды. Хосеп Гвардиола «Баварияның» тізгінін ұстағаннан бері, ол, Хайнкестің жетістіктерін қайталай ала ма деген сауалдар туындағаны рас. Суперкубокты Дортмундтық Боруссияға беріп қойғаннан кейін, испандық маманның білігіне күмән келтіретіндер көбейе түскен. Дегенмен, кеше «Бавария» футболшылары «Альянс-Аренаға» жиналған жанкүйерлердің ықыласына бөленді. Бірінші турдың алғашқы ойынында Германия чемпионы, өз алаңында Менхенгладбахтың «Боруссиясын» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 12 минутында Арьен Роббен есеп ашып, командаластарын алға шығарды. Араға 4 минут салып Марио Манджукич есепті еселеді. Бірінші таймның соңына қарай Бавария қорғаушысы Данте өз қақпасына доп соғып, бундеслигадағы алғашқы автоголдың авторы атанды. Үзілістен кейін, алаң иелері қарқынды үдете түсті. Мюллер, Рибери, Швайнштайгерлер қонақтардың қақпасын нысанаға алудан жалықпады. Бірақ, Марк-Андре тер Штеген қауіпті жағдайларда сасқан жоқ. Тіпті, Мюллер орындаған 11 метрлік айып соққысын да қайтарған. Алайда, бас төреші Тобиас Велц қатарынан еінші рет пенальти белгіледі. Бұл жолы Давид Алаба мүлт кетпеді. Кездесу соңына дейін осы есеп өзгеріссіз қалды.