Сборная Казахстана готовится к товарищескому матчу с Грузией
2014-ші жылғы әлем біріншілігінің іріктеу турниріне дайындық аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Грузияның футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді. Осыған орай қос команданың бас жаттықтырушылары баспасөз мәслихатын өткізді. Ел құрамасының бас бапкері Мирослав Беранектің айтуынша бұл ойынға жарақаттарына байланысты Марат Хайруллин, Олег Недашковский, Сергей Остапенколар қатыса алмайды. Ал Нұрбол Жұмасқалиевтің бас команданың сапынан табылуы жанкүйерлердің көңілінен шықты.
Кезінде европа алаңдарында доп тепкен белгілі футболшы Темури Кецбая бүгінде Грузия құрамасының тізгінін ұстап тұр. Кецбая мырза шәкірттері ойынға сақадай сай екенін жасырмады. Кездесу қызықты, әрі тартысты өтетініне сенімді екенін де айтып қалды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан - Грузия жолдастық кездесуі «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы 20:00-де.