Мохаммед Зидан сядет в тюрьму
Белгілі мысырлық шабуылшы Мохаммед Зидан алдағы алты жылды темір тордың ар жағында өткізеді. Мысыр құрамасының бұрынғы ойыншысына түбіртекті қолдан жасады деген айыпталды.
Жылжымайтын мүлікпен айналысатын жергілікті компания төлемақының орнына үш жалған түбіртек ұсынған футболшыны сотқа берген.
Кейбір мәліметтер бойынша, 31 жастағы Зидан шетелде жүр. Ол қаңтар айында Біріккен Араб Әмірлігінің «Бани Яс» клубынан кетіп, қазіргі уақытқа дейін Катардың «Әл-Жазира» телеарнасында комментатор болып қызмет атқарады. Ол карьерасын ресми түрде аяқтаған жоқ.
Мұхаммед Зидан Мысыр құрамасына 2008 және 2010 жылдары Африка Кубогында жеңіске жетуге көмектесті. Данияның «Мидтъюлланн», Германияның «Вердер», «Гамбург», «Боруссия Д» және «Майнц-05» клубтарында ойнады. 2011 жылы Германия чемпионы атанды. 2006 жылы неміс лигасы Кубогын және 2008 жылы Германия Суперкубогын иеленді. 2005 жылы Дания чемпионатының ең үздік футболшысы деп танылды.