Немецкий полузащитник подписал контракт с «Атырау»
«Атырау» футбол клубы неміс футболшысымен екі жылдық келісімшарт жасасты. 24 жастағы Савио Нсереконың түпкі тегі угандалық. Ол спорттық карьерасын «Мюнхен-1860» (Германия) клубынан бастаған. 17 жасында Италияның «В» сериясындағы «Брешия» клубында ойнайды.
Савио Германия жасөспірімдер құрамасына қабылданып, 2008 жылы Еуропа чемпионы атанады.
Жас өренді Англияның «Вест Хэм» клубы 9 миллион фунт стерлингке сатып алады. Ағылшын премьер-лигасында 10 ойын өткізген ол негізгі құрамға іліге алмаған.
Кейін Италияның «Фиорентина» клубына ауысады. Әрі қарай «Болонья» (Италия), «Мюнхен-1860» (Германия), «Черноморец» (Болгария), «Юве Стабия» (Италия), «Васлуй» (Румыния) клубтарында ойнайды.