В 50-километровом марафоне победил ходок Роберт Хеффернан
Мәскеуде жеңіл атлетикадан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бесінші күнінде, жүлделі орындарды спорттық жүрістен сынға түскен ерлер ғана сарапқа салды. 50 шақырымдық қашықтықты құрайтын бәсекеде тұғырдан орын алуға үміттенгендер көп болды. Дегенмен, мәре сызығына бірінші боп, ең мықтылары жетті. Алтын медальді, ирландиялық Роберт Хеффернан жеңіп алды. Оның уақыты 3 сағат 37 минут 56 секунд. Күміс жүлде Ресейлік Михаил Рыжовқа бұйырды. Ол жеңімпазға 1 минут 2 секунд есе жіберді. Тұғырдың үшінші сатысына Австралиялық Джаред Таллент көтерілді.