Стивенс считает, что вокруг Головкина слишком много шума
Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Кертис Стивенспен өткізетін жекпе-жектің фавориті саналады. Жекпе-жек 3 қараша күні Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында өтеді.
Головкин кәсіпқой бокстағы жетіжылдық тәжірибесінде көптеген боксшыларды нокаутқа жіберді. Ал Стивенс барлығы Головкиннің өзін құлататына неліктен сенетінін түсіне алар емес. Букмекерлер Головкиннің жеңісіне – 1,12, ал Стивенс жеңісіне – 11 коэфициент беріп отыр.
«Ол бірінші орта салмақтағы боксшылармен жұдырықтасты», дейді Стивенс.
«Нобухироның салмағы – 154 фунт, Габриэль Росадоның салмағы – 154 фунт, Кассим Оуманың салмағы – 154 фунт. Ал Маклин шаршы алаңға Серхио Мартинестен нокуаутпен жеңілгеннен кейін ұзақ уақыттан кейін оралды. Осыған дейін Головкинге әлсіз қарсылас таңдалып келді. Ол нокаут жасап үйренген, бірақ бұл нокауттардан ештеңе үйренген жоқ. Оның қарсыластарына қарай отырып, оны неліктен жеңілмейтін боксшы санайтынын түсінбеймін. Қарсыластарының барлығы – бірінші орта салмақтағы боксшылар», деді Стивенс.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Стивенс жекпе-жегін «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек 3 қараша күні өтеді. Басталу уақыты: 07:45.