Головкин и Стивенс встретились с журналистами (ФОТО)
Нью-Йорктің Манхэттеніндегі «The Refinery Hotel Rooftop Lounge» қонақ үйінде WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин және қарсыласы Кертис Стивенс жекпе-жек алдындағы қорытынды баспасөз-мәслихатын өткізді.
Баспасөз-мәслихатын әйгілі ринг-аннонсер Майкл Баффер жүргізді.
Боксшылар жаттықтырушыларына, командасына және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Головкин Стивенспен өткізетін 12 раундтық жекпе-жегінде WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қорғайды.
Жекпе-жекті 3 қарашада «Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы - 07:45-те.
Суреттер boxingscene.com сайтынан алынды.