Головкин-Брук жекпе-жегінің нәтижесін дәл болжап, сыйлық ұтып ал!
2016 жылдың 10 қыркүйегінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Ұлыбританияда ағылшын боксшысы Кел Брукке қарсы жекпе-жекке шығады. «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды. Осыған орай портал оқырмандары мен бокс жанкүйерлері арасында байқау жарияланады. Шарт бойынша, қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни, кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін болжаулары тиіс. Жауаптарды астыңғы форма арқылы жібере аласыздар. Байқау 10 қыркүйекке дейін жалғасады және нәтижесі сол күні жарияланады. Головкин - Брук жекпе-жегін дәл тапқан бірінші жанкүйер жеңімпаз деп танылып, оған бағалы сыйлық табысталады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Загрузка...