УЕФА Чемпиондар лигасының маусымы өз мәресіне жетті
Турнирдің шешуші финалдық кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілді. «Qazsport» телеарнасынан Ерсін Ерік пен Виктор Кирилюк Мюнхен қаласынан тікелей комментаторлық етті.
Аталған матчқа «Qazsport» телеарнасын қосқанда, Әлем бойынша барлығы 57 арна комментаторлық жасады, ал 42 телеарна студиялық бағдарлама ұйымдастырды. Студияда Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, қазіргі жаттықтырушы Қайрат Нұрдәулетов қонақта болды.
ПСЖ мен Интер арасындағы ойынды телеарналар эфирі мен ресми веб-сайт және мобильді қосымша арқылы бір миллионнан астам көрермен тамашалады.
Бұл көрсеткіш қаралым рейтингінің 2,3 пайызын, ал үлес бойынша 38,7 пайызды құрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
20.11.2025, 15:20
«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
20.11.2025, 10:10
Кюрасао тарихында алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды
19.11.2025, 12:20
Шотландия құрамасы 28 жылдан кейін Әлем чемпионатына шықты
19.11.2025, 12:00
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет элиталық кезеңге өтті
19.11.2025, 11:00
Қазақстан құрамасы жеңіске жете алмады
19.11.2025, 01:00
Германия құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды
18.11.2025, 11:20
Норвегия құрамасы араға 28 жыл салып Әлем чемпионатына жолдама алды
17.11.2025, 16:28