Заңғар Нұрланұлы J200 турнирінің чемпионы атанды
Әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты.
Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 Aizkraukle, J200 Shymkent, J100 Izmir, J30 Tsaghadzor, J30 Trnava турнирлерде топ жарған болатын.
Келесі аптада Заңғар Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турнирінде бақ сынайды. Бұл дода 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада үстел теннисінен мықтылар турнирі өтеді
05.12.2025, 13:10
Нурмагамед Юсупов Әлем чемпионатын сәтті бастады
05.12.2025, 10:00
Тарихта қалды: Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді
05.12.2025, 09:10
Тамерлан Тлеулес таеквондодан Әлем чемпионатында қола медаль иеленді
04.12.2025, 19:30
Ангелина Лукас WBF белбеуін иеленді
04.12.2025, 14:24
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама әлем Кубогының кезеңіне қатысады
04.12.2025, 11:11
Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді
04.12.2025, 10:10
Златан Ибрагимович 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың алауын алып жүреді
04.12.2025, 07:00