Қазақстан құрамасы Италиямен кездеседі

Футзалдан Еуропа Чемпионаты жалғасуда. Бүгін үшінші тур ойындары басталады. Әдеттегідей барлық ойындар бір уақытта басталады. В тобында өнер көрсететін Қазқстан құрамасы Италия командасымен кездеседі. Рикарду Кака шәкірттері В тобының 4 ұпаймен көшін бастап тұр. Алғашқы ойында Словенияиен 4:4 есебімен тең ойнап, екінші турда Финляндия құрамасын 6:2 есебімен жеңген болатын. Өз кезегінде екі дүркін Еуропа чемпиондары топтық кезеңдегі екі ойынын тең нәтижемен аяқтады. Алдымен Финляндиямен 3:3 есебімен ойнап, Словениямен болған ойында 2:2 есебі тіркелді.

Қазақстан құрамасының ойыншылары Біржан Оразов және Дуглас Еуропа біріншілігінің сұрмергендері қатарында. Біржан екі ойын өткізіп, үш голдың авторы атанса, Дуглас екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Қазақстан - Италия ойыны Нұр-Сұлтан уақытымен  сағат 22:20-да Гронинген қаласындағы Мартини Плаза аренасында өтеді. Ойынды «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошылар Austrian Open турнирінде бес медальға ие болды
Параволейболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Су спорт түрлері федерациясының жаңа бас хатшысы атанды
Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанды
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатында Жапонияны жеңдІ
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Солтүстік Македония жеңіске жетті
Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды
Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы атанды
Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды